Маусымда тұрғын үй сатып алушылар көбейді
Маусымда тұрғын үй сатып алушылар көбейді
Фото: Еgemen.kz
Қазақстанда тұрғын үй сатып алушылар көбейді. Бір ай бұрын пәтер сатылымы 19%-ға азайса, маусымда мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда сатып алу – сату мәмілелерінің саны 11,8% - ға, яғни, 54 мыңға дейін көбейген. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады. 2021 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй сату саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе көбейген. Өңірлер бөлінісінде ең үлкен өсім Атырау облысында (5,5 есе), ал ең төмен өсім Қостанай облысында (-42,9%) байқалған. Өткен айдағы 54 мың мәміленің ең көбі Алматыда (7,6 мың) және Қарағанды облысына (6,8 мың) жасалған. Еске сала кетейік, мамырда 2021-2022 жылдар аралығында "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларын мемлекеттің қаржыландыруы тоқтатылатыны белгілі болды.