Үндістанда найзағай түсіп, 9 адам қаза тапты

Үндістанда найзағай түсіп, 9 адам қаза тапты

Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында найзағайдан тоғыз адам қаза тапты. Оның жетеуі - бала.

Сондай-ақ көптеген адам зардап шекті. Зардап шеккеннің барлығы нөсер жаңбырдан кейін найзағай түскен әртүрлі жерлерде болған. Раджастханның бас министрі Ашок Гелот зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілетінін айтты.