Ақтауда жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам зардап шекті,. Бұл жайында өңірлік "Лада" порталы хабарлады.
Белгілі болғандай, MAN жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған ғимаратқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, машина кабинасы артқа бұрылып кеткен. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Crv1-ysaYwY[/embed] Қазір полиция осы факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Зардап шеккен көлік жүргізушісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 11 шілдеде қаладан химия-гидрометаллургия зауытына қарай бара жатқан жолда болған.