Солтүстікте жол апатынан үш адам жарақат алды
Солтүстікте жол апатынан үш адам жарақат алды
Фото: ПД-нен алынды
129
оқылды

Екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды.

Қатты соққыдан ВАЗ маркалы көлік жолдан шығып кеткен. Оның жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды. Жүргізушінің жағдайы ауыр. Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол апаты 11 шілде күні сағат 15.00 шамасында «Петропавл-Жезқазған» жолында болған. Бәйтерек ауылының қасында Lexus көлігінің 1961 жылғы жүргізушісі жол ережесін сақтамай, өзімен бір бағытта келе жатқан « ВАЗ-2110 көлігін соққан. Екінші көліктің рөлінде Бескөл ауылының 2002 жылғы тұрғыны болған. Соққыдан ВАЗ-2110 көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.

Көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.