Қалалық Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда екі жеке медициналық орталық «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды.
Сондай-ақ, №4 емханада дәрігерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. https://youtu.be/Wpr1dwZ3i_oСонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды. Ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.Бірінші емханадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тест жасаған. Біраз уақыттан кейін «Сұңқардың» дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Тінту кезінде ПТР тест нәтижелері, ақша тәркіленді.