Қазақстанда баспана қашан арзандайды?
Қазақстанда баспана қашан арзандайды?
Фото: elarna.net
184
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспана бағасына қатысты болжам жасады, – деп жазады Sputnik.kz. 

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір баспана бағасы тұрақталғаны байқалады.

«Қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ке, екінші нарықтағы баспана бағасы 7,2%-ке өсті. Маусымда екінші нарықтағы үй бағасы 1,2%-ке өссе, жаңа үйлер 0,9%-ке арзандады. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген үлкен сұраныс артып, баспана бағасына қатысты дүрлігу де басылды. Маусым-шілдеде бағаның тұрақтағанын байқадық. Жеке болжамыма сай, қыркүйекте баға төмендейді», – деді вице-министр.

Бұған дейін астанадағы баспана кезегі туралы жазған болатынбыз.