Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар барысында облыстың және Алматы қаласының әлеуметтік кәсіпкерлерімен кездесті. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның өңірде іске асырылу барысымен танысты.
здесуге қатысушылар осы саланы өркендету перспективаларын талқылап, өз ұсыныстарын жеткізді. Сенат Спикері соңғы жылдарда әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық дамудағы рөлі артқанын, сондықтан мемлекет тарапынан бұл саланы жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын айтты. «Әлеуметтік кәсіпкерлік – жаңа бағыттардың бірі. Оның болашағы зор. Бұл сала табыс табумен қатар, азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерліктің бұл түріне баса мән беріп келеді», – деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін заң әзірленіп, қабылданғанын тілге тиек етті. Аталған құжат сенаторлардың бастамашыл болуымен даярланғанын айта кеткен жөн. Мәулен Әшімбаев елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау үшін аса маңызды қадам жасалғанын айтты. Ол өз сөзінде алдағы уақытта сенаторлар бұл саланы одан әрі қолдауға арналған жаңа тетіктерді ұсынуға және оларды талқылауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Сенат Спикері сапар аясында аграрлық бағытта табысты жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы «Байсерке-Агро» компаниясының жұмысымен танысты. Шаруашылыққа арнайы келген Мәулен Әшімбаев компанияның Ғылыми-өндірістік оқыту орталығына ат басын бұрып, зерттеу жұмыстарына назар аударды. Агрохолдингтің демонстрациялық алқабы мен ауылшаруашылық техникаларының жұмысына көңіл бөлді. Одан бөлек, Сенат Төрағасы агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және техникалық жетістіктер көрмесімен, селекциялық жолмен асылтұқымды мал алу жұмыстарымен және сүт, жылқы өнімдерін алудың роботтандырылған тәсілімен танысты. Жоғарғы Палата Спикері Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатқанын айтып, агроөнеркәсіп кешенін қолдау Сенат жұмысының да негізгі басымдықтарының бірі екенін тілге тиек етті. «Ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі саланың толық қаржыландырылмауы болып отыр. Мысалы, 2020 жылы аграрлық секторға жоспарланған қаражаттың жартысынан астамы ғана бөлінген», – деді Сенат Төрағасы. Сонымен бірге Мәулен Әшімбаев елді алаңдатып отырған қуаңшылық мәселесіне және соған байланысты кейбір өңірлердегі мал шығынына назар аударып, бұл түйткілді шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті шара қабылдау керегін айты.Е.ЕРДЕНОВ«Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің соңғы отырысында мал шаруашылығына айтарлықтай салдарын тигізіп отырған қуаңшылық мәселесіне назар аударды. Қазір бұл – бүкіл елді алаңдатып отырған проблема. Сондықтан тиісті министрлік осы мәселені шешу үшін бар күш-жігерін жұмсауы керек. Бұл жолда жүйелі қадамдар қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жедел түрде ахуалдың салдарын талдап, жағдайды жан-жақты сараптап, мәселені шешу жолдарын ұсынуы тиіс» деген Сенат Спикері кездесуге қатысқан Ауыл шаруашылығы вице-министріне бұл бағытта белсенділік таныту керегін айтты.