Байшолақов жаңа қызметке тағайындалды
Байшолақов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: tengrinews.kz
168
оқылды

«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Алмат Мұратұлы Байшолақов тағайындалды» делінген ресми хабарламада.

Алмат Байшолақов 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданы және Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармаларын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан – ред.) және Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Әділет министрлігінің департаменттерін басқарды.

Соңғы екі жылда Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.