Полиция басқармасы тұрғынның өтініші бойынша 26 жастағы азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті бір кәсіпорынға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, 651 мың теңге алған.Бұған дейін мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп ақшасыз қалған тұрғын туралы жазған болатынбыз.