Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирусқа қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды. Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:- коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;
- биыл 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
- Pfizer компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
- 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
- ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
- 19 шілдеге дейін Ashyq сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
- эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтар мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.
Демалыс және мереке күндері:
- қоғамдық көліктің; Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
- Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтар, фитнес клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
- Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдар, филармониялар, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярдтар, караокелер, көрмелер;
- Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарлар, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілері;
- Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары;
- Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың жұмысына тыйым салынсын.
Жұмыс күндері:
- сағат 20.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер;
- сағат 18.00-ге дейін «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлері, сауда желілері;
- Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін жұмысы шектелсін.
Жиын соңында Вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ, халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.