UFC-дегі қазақстандық спортшылардың рейтингі жасалды
UFC-дегі қазақстандық спортшылардың рейтингі жасалды
Британиялық thestatszone.com порталының сарапшысы Эван Лавендер UFC-дің барлық салмақтағы файтерінің рейтингін жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Өзінің жеке сайтында сарапшы спортшыларды бағалаудың өзіндік жүйесімен таныстырады. Қазақстандықтар арасында ең жоғарғы – бесінші орынға, маман жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмоновты қойыпты. Ол промоушендегі екі айқасында да жеңіске жетті. Жеңіл салмақтағы жетінші орында ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов тұр. Спортшы төрт жекпе-жегінде де қарсыластарынан үстем болды. Ал UFC-де бірінші жеңісіне жеткен Жалғас Жұмағұлов 18-орында. Ол америкалық Джером Ривейраны жеңгеннен кейін сегіз саты жоғарылады. Жалғастың пассивінде екі жеңіліс бар. UFC-дегі бірінші қазақстандық Мария Агапова октагонға 2020 жылы америкалық Шана Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілгелі шықпады. Бірінші айқасында жеңіске жеткен. Британиялық маман оны 21-орынға қойыпты. Ал Сергей Морозов барлығынан төмен - 39-шы тұр. Ол бірінші кездесуінде Умар Нурмагомедовтен жеңілген, ал 17 шілдеде ол германиялық Халид Тахомен екінші жекпе-жегін өткізеді.