Жезқазғанда 19 жастағы қыз жоғалып кетті, – деп жазады tengrinews.kz. Ол 28 маусым күні үйінен кетіп, әлі оралмаған. Облыстық полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс 29 маусымда тіркелгенін нақтылады.
Қазіргі уақытта іздеу шаралары жүргізілуде: әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде, іздеу хабарламасы Жезқазған және Сәтпаев қалаларында ілінді. Полицияның жұмысына волонтерлар тартылды, – деп хабарлады ПДЖоғалған қыздың телефонынан шыққан соңғы қоңырау Нұр-Сұлтанда тіркелген.