Парламенттік ассамблея кеңесі отырысына қатысты
Парламенттік ассамблея кеңесі  отырысына қатысты
169
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Пре­зи­дентінің бітімгершілік мә­селелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі инс­титутын құру туралы бас­та­масы ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңейте­тініне сенімді.

Бейнеконференция форма­тында ҰҚШҰ Парламенттік ассам­блеясының отырысы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бітімгершілік мәселе­лері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшы­сының арнайы өкілі институтын құру туралы бас­тамасы талқы­ланды.

Отырыста сөз сөйлеген Мә­жі­ліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан жаһан­дық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және ны­ғайтуға ниетті. Себебі қазір аймақ­тық қауіпсіздік тақырыбының өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті.

Мәжіліс Спикері сондай-ақ ҰҚШҰ ұйымының бітімгершілік әлеуетін дамытудың маңыздылы­ғына да баса назар аударды. Осы рет­те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітім­гер­шілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бас­тамасын жүзеге асыру ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өза­ра іс-қимыл мүмкіндігін кеңейте­тінін алға тарта келе Нұрлан Нығмату­лин осы саладағы өзекті сұрақ­тар­ды жаңа сапалық деңгейде шешуге, сонымен бірге БҰҰ бітім­гершілік әлеуетін арттыруға жол ашатынына сенім білдірді.

Отырыста сондай-ақ, Тәжік­станның 2021 жылы ҰҚШҰ төра­ғалығы, ҰҚШҰ аясында қол жет­кізілген ҰҚШҰ әріптестік мәр­тебесіне, Қазақстанда, Арменияда, Қырғыз Республикасында өткен сайлауларда ҰҚШҮ ПА атынан қатысқан халықаралық байқаушы­лар тобы жұмыстарының қоры­тын­дысына қатысты халықаралық келісімдер төңірегінде әңгіме өр­біді. ҰҚШҰ ПА кеңесі ассамблея қызметін ұйымдастырады, оның құрамында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан елдері пар­ламенттерінің басшылары бар. Ж. НҰРЛАН