Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте бірнеше саты жоғарылады

Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте бірнеше саты жоғарылады

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) BoxRec рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты, – деп хабарлайды Prosports.kz. Тұрсынбай ресейлік Алексей Евченкомен (19-15-2, 8 КО) жекпе-жекке дейін 192 орында тұрған. Нокаутпен жеңген Құлахмет 127-орынға жайғасып, 65 позицияға көтерілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері. Қазақстандық боксшы бұл белбеуді венесуэлалық Эрбер Рондонды (20-1, 13 КО) жеңіп, иеленді.