Үш елде Abai Uii ашылады
Үш елде  Abai Uii ашылады
132
оқылды

Биыл қазақ көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгей аумағында, Ресейдің Астрахан, Қырғыз елінің Бішкек қалаларында Abai Uii мәдени-іскерлік орталығы жобасы іске қосылатын болды. Бұл жоба шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, былтыр Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Abai Uii Ресейдің Омбы, Өзбек­станның Ташкент, Түркияның Стамбұл, Германияның Берлин, Украинаның Киев қалаларында ашылған болатын. Ал дүние­жүзінде одан бөлек 250-ге жуық Қазақ мәдени орталығы бар. Оның шамамен 150-і белсенді жұмыс істеп тұр. Сонымен қа­тар әлемнің 12 елінде қандас­тары­мызды ана тілінде оқыта­тын «қазақ тілі» сыныбы ашыл­ған. Бейресми мәліметке сүйен­сек, шетелде 5 миллионнан 7 мил­лионға дейін этникалық қа­зақ тұрады екен. Олардың нақты саны бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– БҒМ қолдауымен шетел­дегі ағайынды қазақ тілін оқыту бойынша бір әмбебап құрал әзірлеуде. Себебі латын, төте жазумен үйренген балалар­дың кирилше үйренуі өте қиын. Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы – 1404. Оған кез келген бауырымыз хабарласып, көмек алса болады, – дейді «Отан­дастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Оның айтуынша, бүгінде 70-тен астам орталықтың барлы­ғымен байланыс орнатылып, арнайы меморандумдарға қол қойылған.

Е.БОЛАТҰЛЫ