Иракта аурухана өртеніп, 50-ден астам адам көз жұмды
Иракта аурухана өртеніп, 50-ден астам адам көз жұмды
©https://haqqin.az/
140
оқылды

Ирактың оңтүстігіндегі Эн-Насирия қаласында аурухана өртеніп, 50-ден астам адам көз жұмды. Тағы 20-дан астамы жарақат алды.

Оқиға коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін ауруханада болған. Мамандардың айтуынша, өрт оттегі баллонының жарылуынан шыққан. Ал, коронавирусқа шалдыққандар жатқан палатадан шыққан жалын бүкіл ғимаратқа лезде тарап кеткен. Сондықтан көп адам іштен сыртқа шыға алмай, қамалып қалды.

Қазір өрт сөндіріліп, төтенше оқиғаның себебі анықталып жатыр.