Арқарлы петроглифтеріне бір белгі
Арқарлы петроглифтеріне бір белгі
©https://kaz.zakon.kz/

Алматы облысындағы Ар­қарлы петроглифтерінің нақты аумағы анықталып, онда мәрмәртастан белгі орнатылды. Тасқа таңбалан­ған тарихи ескерткіштер ұзын­дығы 20, ені 6 шақы­рым­дық аумақта орналас­қан. Ол жердегі 10 шоқыдан әзірге 3 мыңнан астам петроглиф табылды.

Әлкей Марғұлан атындағы ар­хеология институты мен Ал­ма­ты облыстық әкімдігі қазір 3 мың жылдық тарихы бар таң­ба­ларды құжаттандырумен айна­лысуда. Бұл жұмыстардың 90 пайызы бітіп тұр. Қазан айында толығымен аяқталғаннан кейін мемлекеттің қорғауына алынған ашық аспан астындағы архео­логиялық паркке айналады.

– Барлық петроглифтердің паспорттары жасалғаннан кейін JPS арқылы осы жерде сол орна­ласқан жерінің арнайы сызбасы жүргізіледі. Сосын ол сызбалар Кербұлақ аудандық жер қаты­настары бөлімінің базасына енгізіледі. Осы жұмыстардың бәрі біткеннен кейін Талды­қорған қаласында республика деңгейіндегі конференция өткізіліп, сол жерде археолог ғалымдар анықталған, табылған жұмыстар бойынша баяндама жасайды, – дейді облыстық Мә­дениет, архивтер және құжат­тама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

Ғали ТӨЛЕК