9 шілдеден бері Елбасы музейінің көпфункционалды көрме залында корей суретшісі Ли Инамның цифрлық өнер туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Бұл шараны Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы мен Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірігіп ұйымдастырды.
Бұл ретте әлемге әйгілі корей суретшісі Пэк Намджунның мұрагері деп саналатын медиа өнер шебері Ли Инам Шығыс Азия классикалық кескіндемесінің әйгілі картиналарын негізге ала отырып, Шығыс және Батыс өнерінің үйлесімін көрсеткен. Ол төрт жағынан үлкен мультимедиялық LED-экрандармен жабдықталған. Классика мен заманауи кескіндемені бір мультимедиялық контентке тоғыстырған тың стильдегі 50 минуттық туынды Қазақстан мен Корея ынтымағының келешегін дәріптейді.Айта кетсек, Корей мәдени орталығы бұл шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алып отыр. Ерік ЕЛЕУСІЗ– Пандемияға байланысты ашылу рәсіміне қатыса алмағаныма өте өкінемін. Соған қарамастан, Қазақстанда корей классикалық кескіндемесінің танымал картиналары насихатталып жатқаны қуантады. Осы көрмеге арнап өз туындыларымды «Жарықтың жандануы» тақырыбында дайындадым. Сол арқылы Корея мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастардың тарихи сипатына жарық түсіргім келді,– деді көрменің ашылуында тікелей байланыс арқылы сөз алған Ли Инам.