Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды.
Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді. Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы.Азаматтарға төлем жасау ыңғайлы болу үшін бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтсақ, e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы төлем жасауға болады.Ресми мәлімет бойынша, салықтан жиі жалтаратындар - Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жетеді. Әсіресе, көлік салығын төлемеу деректері тыйылар емес. Ол барлық берешектің 90 пайызын құрайды.