Бала күтуші құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен
Бала күтуші құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен
©azattyq-ruhy.kz
143
оқылды

Қызылордада үй иесінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, 10 шілде күні Қызылордада жергілікті тұрғын полицияға хабарласқан. Ол үйіндегі қымбат зергерлік бұйымдарының ұрланғанын айтқан.

"Жатын бөлмедегі шкафтың ішінен құны үш миллионнан асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған" – деді  үй иесі. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған бала күтуші анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.