Қызылордада үй иесінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды.
Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, 10 шілде күні Қызылордада жергілікті тұрғын полицияға хабарласқан. Ол үйіндегі қымбат зергерлік бұйымдарының ұрланғанын айтқан.Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған бала күтуші анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда."Жатын бөлмедегі шкафтың ішінен құны үш миллионнан асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған" – деді үй иесі.