Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» өтті
Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» өтті
©Коваль Владимир
119
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында эпидахуал нашарлап, өңір «қызыл аймаққа» енді.

Бұған дейін коронавирус жұқтыру көрсеткішінің ең төмен деңгейі сақталған аймақта өткен тәулікте 55 адамнан инфекциялық індет белгісі табылған.

Эпидемиологиялық қауіптің жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстанмен қатар елордада, Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында сақтаулы. Ал Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары «сары аймақта» тұр. Түркістан және Шығыс Қазақстан - «жасыл аймақта».