Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер 5 шілде күні ұсталды.
ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетін әшкереледі. [caption id="attachment_150906" align="aligncenter" > Фото: ҰҚК-нен алынды[/caption]Күдіктілер ұзақ уақыт бойы такси жүргізушілерінен («Атырау – Орал – Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Топтың 4 белсендісі ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылды.
Осы факт бойынша ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.