Іздеуде жүрген 12 қылмыскер СҚО-дан табылды
Іздеуде жүрген 12 қылмыскер СҚО-дан табылды
117
оқылды

Солтүстік Қазақстан об­лы­­­сының полицейлері Ре­сейде іздеуде жүрген 12 қыл­мыс­керді ұстады. Бұл ту­ралы СҚО Полиция депар­таментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік полицейлер іздеген 12 қылмыскердің көбі Омбы облы­сында қылмыс жасағаны үшін күдіктелген. Ал СҚО поли­цейлері ұс­таған үш қылмыскерге Калинин­град, Челябі, Владимир облыс­тарында іздеу жариялаған.

Ресейлік жедел уәкілдер із­дес­тірген екі солтүстікқазақ­стандық заңсыз кәсіпкерлікпен ай­на­лысты деген күдікке ілінген. Петро­павлда ұс­талған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік құқық қор­ғау органдары қызмет­керлерінің назарына іліккен.

Ал 26 жастағы солтүстікқазақ­стандықты Омбы облысының жедел уәкілдері есірткі қылмысын жасағаны үшін іздеген. Сонымен бірге СҚО аума­ғында ұсталған қылмыскерлер ауыр дене жарақатын келтіру, билік өкіліне күш қолдану, заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша айып­талған. СҚО ПД Криминалдық по­лиция басқармасының қызмет­керлері күдіктілерді анықтап, заң­намамен қарастырылған рәсім­дерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер Ресейдің құқық қор­ғау органдарына жіберілген.

«Шекаралас өңірлердің Ішкі істер министрлігі басқар­малары­мен бірлесіп жұмыс жүргізу мәсе­лелерін жедел шешуге көмек­теседі. Басты міндет – жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету», – деді СҚО ПД Крими­нал­дық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.