Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ресейде іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейлік полицейлер іздеген 12 қылмыскердің көбі Омбы облысында қылмыс жасағаны үшін күдіктелген. Ал СҚО полицейлері ұстаған үш қылмыскерге Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жариялаған.Ал 26 жастағы солтүстікқазақстандықты Омбы облысының жедел уәкілдері есірткі қылмысын жасағаны үшін іздеген. Сонымен бірге СҚО аумағында ұсталған қылмыскерлер ауыр дене жарақатын келтіру, билік өкіліне күш қолдану, заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша айыпталған. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, заңнамамен қарастырылған рәсімдерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер Ресейдің құқық қорғау органдарына жіберілген.Ресейлік жедел уәкілдер іздестірген екі солтүстікқазақстандық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген. Петропавлда ұсталған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен.
«Шекаралас өңірлердің Ішкі істер министрлігі басқармаларымен бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелерін жедел шешуге көмектеседі. Басты міндет – жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету», – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.