Екі тергеуші ойын бизнесіне «қамқор» болып, ақша алған – видео
Екі тергеуші ойын бизнесіне «қамқор» болып, ақша алған – видео
Фото: munaranews.kz
161
оқылды

Агенттік өз ішінде заңсыз ойын бизнесіне «қорған» болған екі деректі анықтады.

Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті маусым айында қылмыскерлердің заңға қайшы әрекетіне қызметкерлердің көмек көрсеткен екі дерегін анықтады.

Жедел тергеу барысында заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттің жедел уәкілі ұсталды. Осыған ұқсас дерек Ақтөбе облысында да анықталды. Мұнда ЭТД тергеушісі қамқоршылықтан басқа, ақшалай сыйақы алған.

Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

«Құрметті азаматтар! Егер Сізге осындай фактілер белгілі болса, Агенттіктің сенім телефоны арқылы: +7 (7172) 708-478 немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы хабарлауды сұраймыз», – деді агенттік өкілі.

https://youtu.be/Qhx4EgnXFDc