Министрдің айтуынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцина да екпе алушының келісімі арқылы ғана жүргізіледі. Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік заңнамада көзделмеген.
Алайда Денсаулық туралы кодекстің 104-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында жаппай ауру таралу қаупі төнген жағдайда елдің бас санитар дәрігері шектеу енгізеді. Оның ішінде, кәсіпкерлік және өзге де қызметке карантин енгізеді. «Осыған байланысты, Қазақстанның бас санитар дәрігері тиісті қаулылар қабылдайды. Бас санитар дәрігердің №67 қаулысының 6-1 тармағына сәйкес:- қаулыда көрсетілген ұйымдар мен нысандардың COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған қызметкерлерін күндізгі режимде жұмыс істеуін шектеу;
- бірінші тармақшада көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері үшін міндетті ПТР-сынама 7 күнде бір рет жүргізіледі;
- ерекше жағдай бойынша вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, сондай-ақ соңғы үш айда коронавирус жұқтырып, ауырған кіреді», – деп түсіндірді министр.
- егер мүмкіндік болса, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған қызметкерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуды ұсынуға;
- қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерді Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес жалақысын сақтамай шеттетуге құқылы. Бұл ретте жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкер міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы;
- жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер күндізгі режимде жұмыс істегісі келсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-сынама өтуі керек.
«Сондықтан вакцинациядан бас тартуына байланысты жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ. Сонымен қатар қызметкерлер өздерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына өтініш беруге құқылы», – деді министр.
Кеше Қазақстанда карантин қайта күшейтілгенін жазған болатынбыз.