«Үй алып беремін» деген алаяқ 3 жылға сотталды
«Үй алып беремін» деген алаяқ 3 жылға сотталды
Фото: mail.kz
207
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, былтыр тамыз айында Б. есімді азаматша өзінің танысына Атырау қаласы «Нұрсая» ықшамауданынан үш бөлмелі пәтер алып беремін деп жалған уәде беріп, 800 мың теңгені иемденген.

Содан 2020 жылдың қараша айында М. есімді азаматшамен танысып, Атырау қаласы «Нұрсая» ықшамауданынан төрт бөлмелі пәтер алып беремін, 495 мың теңге алған. Одан кейін 2021 жылдың қаңтар айында WhatsApp-та жер телімінің жарнамалары арқылы А. есімді азаматпен танысып, Атырау қаласы «Самал» ықшамауданынан «жер телімін алып беремін» деп 750 мың теңге ақша сұраған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа жолданды. Нәтижесінде, Б. есімді азаматша үш жыл бір ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасына және жәбірленушілерге келтірілген залалдың орнын өтеп беру шешімі шығарылды.

Атырау қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Ерсұлтан Нұрболат: «Төмен бағада немесе кезектен тыс үй алып беремін деген алаяқтар көбінесе өзін мемлекеттік қызметшілер ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіреді. Тіпті болашақта алатын үйді көрсетіп, өзге адамдарға осылай үй алып бергенін айтып, алдайды. Осындай алаяқтардың құрбаны болмас үшін заңды түрде әкімшілікке не болмаса «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. Алдын ала төлем жасамау керек», – деді.

Бұған дейін жер аламын деп, ақшасынан айырылған тұрғын туралы жазған болатынбыз.