Полиция 150-ге жуық адам алданған қаржы пирамидасына қатысты тергеуді бастады

Полиция 150-ге жуық адам алданған қаржы пирамидасына қатысты тергеуді бастады

Ақтөбе қалалық ПБ Тергеу бөлімінің өндірісіне «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша іс түсіп, тергеу жүріп жатыр.

«Ақтөбе тұрғыны 2020 жылы қаңтар айында «Golden City – 200» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, азаматтардан ақша жинады. Қаржы пирамидасына басшылық етіп, Ақтөбе облысының тұрғындарына аса ірі көлемде материалдық залал келтірді. Қазіргі таңда 150-ге жуық жәбірленуші арызданды. Қалған жәбірленушілер арыз жазу үшін Ақтөбе қаласы Сәнкібай батыр даңғылы, 24 Р мекенжайындағы Ақтөбе қалалық ПБ №511 кабинетіне келсе болады. Байланыс телефоны: 8778 362 17 60», – деді департамент өкілі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалаған әншілер туралы жазған болатынбыз.