Қазақстанда резервтегі әскери қызмет пайда болса, жалақы төлене ме?
Қазақстанда резервтегі әскери қызмет пайда болса, жалақы төлене ме?
Фото: azattyq-ruhy.kz
226
оқылды

Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Министрліктің мәліметінше, өзгеріс халықаралық тәжірибеге сүйене отырып дайындалған.

«Қорғаныс министрлігі қазіргі заманғы сын-қатерлерге тұрақты негізде талдау жүргізеді. Оларға қарулы жанжалдар, сонымен қатар авариямен, пандемиямен, экологиялық апатпен байланысты төтенше жағдайлар жатады. Мұндай жағдайларда қарулы күштер мен жұмылдыру резерві қолданыстағы заңнамаға сәйкес тартылуы мүмкін. Бұл ретте халықаралық тәжірибе жұмылдыру резервін өрістету мен тартудың қысқа мерзімде талап етілуі мүмкін екенін көрсетеді», – деді министрлік өкілі.

Сондықтан Қорғаныс министрлігі резервтегі әскери қызметті енгізуді жоспарлап отыр. Резервте қызмет еткен азаматтар негізгі жұмысын бірге атқара алады. Жалақысы сақталады. Әскердегі қызметі үшін қосымша төлем беріледі. Тиісті қажетті мамандықтары бар азаматтар әскери бөліммен резервте қызмет өткеру туралы 3 жылға тиісті келісімшарт жасайды. Резервтегі адамдарды даярлау жылына 60 күн болады. Ол оқыту бағдарламасына сәйкес ұзақтығы 1 айға дейін ай сайынғы екі күндік сабақтар мен жиындардан (оқу-жаттығулардан) тұрады. Бұл ретте тапшы мамандықтар бойынша даярлыққа ерекше назар аударылады. Резевтегі әскери қызмет өткерушілерге әскери бөлімдерде сақтауда тұрған қару мен жауынгерлік техника бекітіліп беріледі. Әскери бөлімдер оларды сабақтар мен оқу-жаттығулар кезінде тиісті киім-кешекпен, казармадан тұратын орынмен және тамақпен қамтамасыз етуге тиіс. Ал резервтегі әскери қызметі үшін ай сайын ең төменгі 1 жалақы мөлшерінде, жиындар (оқу-жаттығулар) өткізу кезеңінде резервтегі адамның орташа жалақысы мөлшерінде айлық төленеді.

Сабақ пен оқу-жаттығуларда болған кезі әскери қызметтегі еңбек сіңірген жылдарының жалпы мерзіміне кіреді. Резервтегі қызмет қысқа мерзімде тиісті әскери бөлімге келуге және қойылған міндеттерді орындауға дереу кірісуге әзір, даярланған азаматтардың сақадай-сай тұруына септігін тигізеді.