Мамандар сараптама жасап, малдың сібір жарасынан өлгенін анықтады. Жекенің малынан басқа елді мекендерде ауру байқалған жоқ.
Бірақ осы ауылдың үш тұрғыны сібір жарасына шалдыққан.Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет: «Болжам бойынша, жыртқыш аң-құс, кеміргіштер сібір жарасын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін», – деп отыр.Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Людмила Налобина: «Бұл адамдар Приречный ауылындағы ЖШС-да жұмыс істеген. Олар малды баққанда немесе сойғанда ауру жұқтыруы мүмкін», – дейді.
Бұған дейін құс тұмауын жыл құстары өршіткенін жазған болатынбыз.