Алматыда 2 адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы жігіт қамауға алынды
Алматыда 2 адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы жігіт қамауға алынды
Фото :kaskelenkz/instagram
134
оқылды
Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы жүргізуші қамауға алынды, – деп жазады tengrinews.kz.
«Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 13 шілдедегі қаулысымен 6 шілдеде Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолының 25 шақырымында болған жол-көлік оқиғасына себепкер «Land Cruiser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі екі ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, жол апаты 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған. Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тoyota Avensis» көлігімен соқтығысты. Салдарынан «Toyota Avensis» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.