Әлемде су тапшылығы басты мәселеге айналды. Өзен-көлдердің суы таязданып, қар мен жаңбырдың сирек болуы құрғақшылықтың артын қуаңшылыққа ұластырып тұр. Батыс өңірлердің топырағы эрозияға ұшырап, кей аудан-ауылдарда төрт түліктің тісіне ілігер көкті көрмегенімізге біраз жыл болды. Маңғыстау мен Атырау, Қызылорда облыстарында қуаңшылықтың арты жұтқа айналып кету қаупі бар.
Бұған биыл Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ірі қара малдың мыңдап өлуі дәлел. Қуаңшылық – табиғи жағдай екенін ескерсек те, қамсыз қалу – төрт түлік малдан айырып, халықты азығынан қағып тентіретіп жіберетінін түйсіне алмай келеміз. Осы енжарлық күні кеше Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты отставкаға кетірді. Маңғыстаудың өзінде жаппай қырылған малдың саны 3 мыңға жетті. Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған елге мал азығын саудалаушылар бір тонна шөптің орташа бағасын 23 мың теңге, ал кейбір аймақта 42 мың теңге етіп, пайда көре бастады.Малдың қыстық азығы да осы жайылымдық жерден дайындалады. Ал кебек жемді Қостанайдан 20 келісін 1 800 теңгеден сатып алып отыр. Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Нұрланұлының айтуынша, ауданда 292 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,7 млрд теңге болып, жалпы өнім шығарылымы 102,5 пайыз болып отыр. Жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша мал қыстағына қажетті 78,6 мың тонна пішеннің 14 пайызы дайындалды. Мал азығының 60 пайызы көршілес Батыс Қазақстан облысынан, 40 пайызы аудандағы құм өңірінен дайындалады. – Құрманғазы ауданындағы шекаралас аймақта Теңіз жағасындағы Новинск аймағында Шекара заставасының және Құрманғазы ауданы әкімдігі келісімі арқылы тұрғындарға шөп шабуға орын белгіледік. Округ әкімдіктері арқылы хабарланып, шөп шабу науқанында сол аймақтан ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ауданның 35 пайыз төрт түлік малы Нарын құмы өңірінде орналасқан.Батыс өңірдегі екі аймақтың басындағы қазіргі хәлді Атырау аймағы да өткеруі де мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Алайда сәуір айында молынан жауған тұщы жаңбыр биыл атыраулықтар үшін үлкен олжа болып тұр. Бұл Нарын бойы аумағындағы жайылымдық жерлерде көкті көбейтіп, төрт түлік малдың әзірге қарны тоқ. Нарын аумағындағы шаруа қожалық иесі Нұрхат Құмарбековтің айтуынша, наурыз-сәуір айында жауған тұщы жаңбырдан соң көк қаулап шығып, жылқы мен қой еркін жайылып жатыр.
Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, 2021 -2022 жылдарға 573 740 мың тонна ірі сабақты мал азығы қажет болса, оның 22 055 мың тоннасы – былтырдан қалған азық қоры. Нақты дайындалатыны – 551 685 мың тонна. Өңірде жауын-шашынның болмауы, өр суларының келмеуіне байланысты жергілікті жерден мал азығының 52,4 пайызы ғана дайындалады. Көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының аумағынан 12,9 пайыз пішен дайындалса, 176 568 мың тоннасы сатып алынады. Атырау мал азығының 30,7 пайызын сатып алады. Орташа 1 орамның құны 8-15 мың теңгенің айналасы. Ірі сабақты мал азығына дайындық жұмыстары қала және аудандарда жүргізіліп жатыр. Қызылқоға ауданы бойынша 6 455 мың тонна шабылды. 1 орамның құны – 6 мың теңге. Жердің киесі бар. Оны баптай білсек, малға өріс, елге құт. Қазір Атырау облысы аумағының 80 пайызы – жайылым және шабындық жерлер. Бұл ауқымды алқаптарды өз мақсатында пайдаланса, арзан да сапалы мал өнімдерін өндіруге жеткілікті. Кейінгі жылдардағы дерек бойынша, облыстағы барлық санаттағы құрылым мен қосалқы шаруашылықтар аталған алқаптардың 35-40 пайызын пайдаланып жатыр. Олардың көп бөлігі құмды және сазды жерлерге, шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Қосыбек ИРЗАҒАЛИЕВ, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы: – Биылғы көктемгі тұщы жаңбыр мал шаруашылығы үшін едәуір көмек болып тұр. Әсіресе, Нарын бойындағы жайылым жерлердегі малшылар үшін үлкен олжа болды. Нарын бойындағы жерлердегі мал жайылымдары ежелден бері мал жаюға құтты мекен болып келген. Кеңес Одағы кезінде бұл өңірлерге мал қыстату, қоныстану шаруашылықтар мен жеке малшылар арасында талас-тартыс туғызатын. Қазір осы жерлердің көпшілігі бос жатыр, пайдаланылмайды.Биылғы көктемгі мезгілде жауын-шашынның жерге мол түсуінен құмды өңірде мал азығының тапшылығы байқалмайды. Қысқы мал азығы да сол өңірден дайындалады. Қалған 65 пайыз төрт түлік мал қатқылда тіркелген. Бұл өңірдегі малдардың бір бөлігі Каспий теңізі жағалауында, енді бір бөлігі аудан аумағында, канал жағасында жайылады. Есепті мерзімде 600 га (13 шаруа қожалығы) лимандық алқаптардағы көлтабандарға суару-суландыру жүйелерінен су шығару арқылы табиғи шабындықтарды пайдаланып, мал азықтарын дайындау жоспарда тұр, – дейді Еркебұлан Нұрланұлы.
Осы бағытта нақты жұмыстар жүргізуде тереңде жатқан жерасты сулардың көздерін табу жұмыстарына аса көңіл бөлген дұрыс. Облыс көлемінде бұл жұмысты жүргізу ғарыштық зерттеулер түсірілімдеріне сүйенсе ғана шешілетіні сөзсіз. Бұл инвесторлы Атырау аймағы үшін аса көп шығын да әкелмейді. Ал төрт түлік мал санын азайтып алсақ, оның орнын толтыру үшін қыруар қаржы керек болары айтпаса да түсінікті. Қалай десек те, жергілікті атқарушы билік бұл мәселені шешуге білек сыбана кіріспесе, шаруа қожалықтары малын шалғай жатқан құнарлы жайылым жерлерге шығарып бақпаса, шындығында да Маңғыстау мен Қызылордадағы жұттың белгісі Атырауға да жетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.Оның себебі облыста мал басының азаюы, бұрынғы жайылым алқаптарда тұщы жерасты су көздерінің сарқылуы және экологиялық, антропогендік факторлар әсерінен болып отыр. Қазіргі кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға көңіл бөлмейді. Бүгінде заманауи мал шаруашылығын қарқынды дамыту үрдісінде ежелгі бабалар әдісінің ескерілмеуі өкінішті. Ал қысы-жазы бір орында отырғандықтан жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, жаппай эрозияға ұшырап жатыр.
Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы