Қызылордада мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті
Қызылордада мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті
©https://kyzylorda-news.kz/
185
оқылды

Қызылордада мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды.

9 шілде күні қала орталығында орналасқан мешіттердің бір имамы Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, көмек сұраған.

Оның айтуынша, біреулер  терезені сындырып, мешітке кіріп, садақа жәшігінен ақша ұрлап әкеткен. Тіпті,  пластикалық терезедегі темір торды бұзып тастаған.

Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.