Кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізсе де, жеңіліс дегеннің не екенін білмей келе жатқан қазақстандық боксшылар бар. Олардың әрқайсысы кәсіби спорттағы мансабын сәтті жалғастырып, чемпиондық атаққа қол жеткізуді басты мақсаты санайды. Біз сөз еткелі отырған ринг төрінде қарсыластарын қоғадай жапырып жүрген күрзі жұдырық иелері кімдер? Әңгіме ауанын сол саңлақтарға аударайық.
Ел спортшыларының арасында Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтың кәсіпқой бокстағы жеңіліссіз сериясы өзге боксшыларға қарағанда әлдеқайда көп. Күзде 37 жасқа толатын Қанат Ислам 28 кездесудің 22-сін уақытынан бұрын аяқтағаны бар. Осы жылы 31 жасын тойлайтын Жанқоштың қатарынан 24 кездесуде бақ жұлдызы жанды. Оның 17-сін мерзімінен бұрын аяқтады. Бірақ қос спортшының да жасы біразға келді. Әсіресе, Қанаттың ендігі чемпиондық атаққа таласа алатынына сенетіндер аз. Ал Жанқошқа ендігі кезекте тек мықты қарсыластармен жұдырықтасқан жөн. Әйтпесе, оның да қатардағы ортаңқол боксшылардан еш айырмашылығы болмай қалары анық.Отандасымыз соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізген еді. Бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы IBF Intercontinental белдігін иемденді. Ал Жәнібек кейінгі өткізген Лас-Вегастағы бокс кешінде бұрынғы әлем чемпионы, 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңді. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтті және он раундқа есептелді. Алтыншы раундта Әлімханұлы америкалықты нокдаунға жіберді. Ал сегізінші раундтан кейін Брант жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Қос боксшының да қазір 10 жекпе-жекте 10 жеңісі бар. Біз өз кезегімізде жоғарыда атап өткен боксшылардың кәсіпқой бокстағы қарым-қабілеті, деңгейі, шама-шарқы туралы отандық бокс мамандарынан сұрадық. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков қазақстандық боксшылардың ешқайсысын бөліп-жарғысы келмейтінін айтады.Даңқы жер жарған Рокки Марчиано мен Флойд Мейвезердің көрсеткішін қайталауы мүмкін деген отандық былғары қолғап шеберлері арасынан Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) есімі ерекше аталады. Данияр қазіргі уақытта еркін агент. Ол өткен айда ғана Matchroom Boxing компаниясымен әріптестігін тоқтатты.
Кәсіпқой бокста жүрген отандастарымыздың рейтингте орны жоғарылаған сайын қарсыластары да мықты бола түсетіні белгілі. Кәсіпқой бокстың ерекшелігі сол ғой. Үздік ондықтың ішіне кіргеннен кейін нағыз жекпе-жектер басталады. Титулға талас, титулды қорғау айналасында кездесулер өтеді,– дейді білікті маман. Ал халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Qazaq boxing залының жаттықтырушысы Мұхит Амантаев алдағы 2-3 жылдықта қазақстандықтар арасынан әлем чемпиондары шығатынына сенетінін жеткізді. – Данияр Елеусінов әлі де үздік боксшылармен кездесу өткізген жоқ деп ойлаймын. Бірақ мен Олимпиада чемпионынан көп үміт күтемін. Болашақта бір-екі жылдықта әлем чемпионы атанатын шығар. Ал Қанат Исламның жасы қырыққа келіп қалды. Әлемдік деңгейде керемет жетістіктерге жетеді, әлем чемпионы болады деп айта алмаймын. Қанат ол уақыттан әлдеқашан өтіп кетті. 5-6 жыл бұрын мүмкіндігі болған. Садриддин Ахмедов жас, болашағынан үміт күттіретін боксшы. Канадада біраз уақыт жаттықты. Жылына 4-5 кездесу өткізіп, атақ-абыройы бар, танымал боксшылармен шығып, өзін көрсете алатын боксшы.– Кәсіпқой бокста барлық боксшыларымыз да тәуір өнер көрсетіп жүр. Көпшілігі біздің тәлімімізді алған жігіттер. Даниярға да оң батамды бергенмін. Жәнібек те сенімді ақтап жүр. Айдос Ербосынұлы да қазақтың атын әлемге шығарсам да жүрген боксшы. Садриддиннің де ұмтылысы қуантады. Тұрсынбай Құлахмет, Бекман Сойлыбаевтарға әлі де тәжірибе жинақтау керек.
Сондықтан қарсылас таңдауда қателеспеу керек. Жан Кособуцкий де мықты қарсыластарға жолықпады. Мейірім Нұрсұлтанов Америкада Мадияр Әшкеевпен бірге жаттығып жүр. Ол әзірге кәсіпқой бокста жақсы келе жатыр. Кездесу өткізбегелі де біраз болды. Карантин де кесірін тигізіп жатқан болса керек. Алдағы уақытта жағдай жақсарса өзін жақсы қырынан көрсетеді әлі, – дейді жаттықтырушы. Бокс мамандарының кәсіпқой рингте жеңісті сериясын жалғап жүрген былғары қолғап шеберлеріне берген бағасы осындай. Ең бастысы, саңлақтарымыз әлемдік аренада жеңісті жолынан жаңылмай, қазақ боксының абыройын асқақтата түссе екен.Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокстағы кездесулерін көрмедім. Бірақ әуесқой бокстағы жекпе-жектерін көрдім. Әзірге беталысы жаман емес. Жолы ашық болғай. Көп мамандар мақтап жатыр. Айдос Ербосынұлы да жеңіліссіз келе жатыр. Оған бокс мәнерін, техникасын өзгертуі керек секілді. Мықты қарсыластармен де кездесу өткізгені жөн. Әйтпесе, орта деңгейлі боксшылардың бірі болып қалады. Әзірге рейтингі жоғары.
Абылайхан ЖҰМАШ