Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат 5 тәулікке қамалды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 19:50 шамасында болған. 43 жастағы азамат мас күйде жылқы мүсінін құлатқан. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=UUIrwV3oFDA[/embed]Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық), 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сот шешімімен 43 жастағы азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.«Полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесіндегі жылқы мүсінін сындырған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежеде мас күйде екені анықталды.