31 жастағы Гүлмира vera.kz порталына берген сұхбатында "жеті жыл бойы тозақта өмір сүргенін" айтты. Тіпті, ол күйеуінен көрген зәбірдің кесірінен өзіне қол жұмсамақ болған. Құдай оңдап, аман қалған екен. Ауруханадан кейін Гүлмира дағдарыс орталығына түсіп, бесінші баласын туған.
"Бұл менің - екінші некем. Үлкен қызым бірінші некемнен. Жеті жылда екінші күйеуімнен төрт қыз тудым. "Күйеуім жұмыс істемейді. Өзі ата-анасының зейнетақысына өмір сүреді. Соған қарамай ішімдікке салынып, марихуанаға әуес еді. Күнде үйге мас болып келіп, үнемі мені ұрып-соғып, зорлайтын. Осының бәрі балалардың, ата-анасының көзінше болатын" дейді көпбалалы ана. Жолын табуға тырыстым, алайда ішімдік пен есірткі жеңіп кететін. Сау кезінде балалармен ойнап, қыдырып, мәре-сәре болып қалатын. Сондайда оларға әкенің орнын баса алмайтынымды түсінетінмін. Балаларымның бақытты кезі мен оның "бәрі жақсы болатыны туралы" уәделері ұстап тұрды. Апта қол жұмсаумен басталып, ұрып-соғумен бітетін, сөйтіп өмір сүріп келдім", - дейді әйел."15 желтоқсанда отбасымызбен моншаға бардық, сол кезде мені елдің алдында кемсіте бастады. Сол кезде ешкімге керек емес екенбіз деп ойладым. Парацетамол алдым, сосын енемнің қысымға арналған дәрілері болатын. Бірнешеуін ішіп, есімнен танып қалдым. Қызым Нұрсезім 103-ке хабарласып, менің жағдайымды түсіндіріп, қайда тұратынымызды айтқан. Сөйтіп, аурухана әкеліп, асқазанымды тазалады", – дейді Гүлмира. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Bmn4m9CQMvk[/embed]2019 жылы Гүлмира ажырасып, Сарыағаштағы әкесіне кеткен. Әкесі оған қолдау көрсететінін, қызы күйеуіне қайтып бармайтынын айтқан. Алайда күйеуі кешірім сұрап келіп, ішімдік және есірткіге тәуелді емес екеніне сендіріп, қайта қосылған. Бірақ жарты жылдан кейін қайтадан қол көтере бастаған. Бірде әйел адам ешкім керек емес екенін түсініп, өзіне қол салған.