Тамара Асардың тұрмысқа шыққаны рас па?
Тамара Асардың тұрмысқа шыққаны рас па?
©sn.kz

Белгілі әнші Тамара Асар тұрмысқа шықты. Сүйінші жаңалықты әншінің өнердегі құрбысы, әнші Айгүл Елшібаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ол Тамара Асардың тұрмысқа шығуына байланысты үйіне шашу шаша барғанын жазған. Сәйкесінше,  парақшасына Тамара Асардың жарымен отырған суретін де салды. Құрбысының бұл жаңалығына қатты қуанған өнер иесі оны желі арқылы құттықтауды жөн көрген.

"Ақ Томидің маған ақ ниетпен жайған дастарқанында. Ақ Тамара құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, ақ Қамбардың артынан Қамбарлар ере берсін! Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашан да байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, құдай көтере білгенге береді", - деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын, Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!", - деп жазды ол.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айгүл Елшібаева? (@aigulyelshibayeva01)

Тамара Асар 1976 ж. 16 шілдеде Маңғыстау облысы  Түпқараған ауданының тумасы.  Әнші 2017 жылы психология ғылымдарының докторлығын қорғап, PhD докторы атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.