Шымкентте жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау бойынша депутаттық фракция мәжілісі болып өтті.
Биыл халықтың талап-тілектері мен ұсыныстары ескеріле отырып, партияның бесжылдық қалалық сайлауалды бағдарламасы дайындалғаны белгілі. Партия көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін Жол картасы әзірленген.Көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасында басым бағыттардың орындалуын бақылау мақсатында қалалық филиал жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңестер тарапынан тиісті мекемелерге 134 ұсыныс жолданып, бүгінге дейін қалалық мәслихаттағы фракцияның 7 отырысы өткен.Осынау жол картасында 10 басымдық бойынша 149 іс-шараны жүзеге асыру мақсат етілген. Фракцияның барлық мүшелері Жол картасындағы индикаторлардың орындалуына жауапты.
Сонымен қатар, партиялық жобалар мен қайырымдылық акцияларын іске асыруда барлық фракция мүшелері тарапынан 90 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген.«Партия қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Жыл басынан бері Жол картасындағы іс шаралардың іске асырылуын бақылау мақсатында фракция мүшелері тұрғындармен 200-ге жуық кездесу өткізді. Фракция мүшелерімен 47 қабылдау ұйымдастырылып, онда 288 азаматтың талап-тілегі тыңдалды. Оның ішінде 90 азаматтың мәселесі оң шешімін тапса, қалған 198 азаматқа заң аясында түсінік берілді” – деп атап өтті фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов өз баяндамасында.
Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы