Орта мектеп «Жұлдыз» ықшамауданында салынуы тиіс еді.
Кәсіпкер кінәсін толық мойындап, шығынды өтеді.«Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер көрсетіп есеп ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 миллион теңге екенін анықтады» делінген агенттік хабарламасында.
Бұған дейін жүз миллионға жуық қаржы жымқырғандардың сотталғаны туралы жазған болатынбыз.