Ол коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын құжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді.
Полиция факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы мұғалім 5-15 маусым аралығында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы жалған паспорт жасатқан.
Бұған дейін Алматыда жалған вакцинация құжатын жасаған дәрігерлердің ұсталғанын жазған болатынбыз.