Түнде кафенің терезесін сындырып кіріп, 1,5 миллион теңге ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Түнде кафенің терезесін сындырып кіріп, 1,5 миллион теңге ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Полицияның мәліметінше, күдікті осы кафеде аспаз болып жұмыс істеген.

«Түнде ол терезені сындырып, кафеге кіреді. Кассадан 1 500 000 теңгені ұрлап, қашып кеткен», – деді полицей.

Полиция ұрыны пәтерінен ұстады. Ұрланған ақша тәркіленді. Ұры уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

  https://youtu.be/HrKqs7xcKQM