Жол апатынан атасы мен немересі қайтыс болды
Жол апатынан атасы мен немересі қайтыс болды
Фото: inbusiness.kz
138
оқылды

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 13 шілде күні болған.

«ВАЗ-2114» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ ауылына қарай жолға шыққан. Жанында екі немересі болған.

«Покровка – Жаңажол» тасжолының 30-шақырымында (Кеңқияқ ауылының маңында) көлік аударылды. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі сол жерде қайтыс болды. Ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ ауылының ауруханасына жеткізілді.

Біз бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қайтыс болғаны жайында жазған болатынбыз.