Президент еңбек демалысын қайда өткізетіні белгілі болды

Президент еңбек демалысын қайда өткізетіні белгілі болды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

  «Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», – деп жазды Берік Уәли.