Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші таймда алға шықты
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші таймда алға шықты
©А.Мұрзанов
202
оқылды
Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуінің қарымта ойынын өткізіп жатыр. Қазақстандық клубқа израильдік «Маккаби Хайфа» қарсылас атанды. Кездесу Алматының Орталық стадионында өтуде. Ойынның 10-шы минутында бразилиялық шабуылшы «Қайратты» алға шығарды. Бұл Вагнердің биылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы голы. Естеріңізге салайық, алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Сырт алаңда өткен ойында «Қайрат» сапынан Нұрәлі Әліп гол соққан болатын. Жеңіске жеткен команда келесі айналымда сербиялық «Црвена Звезда» клубымен кездеседі.