Нұр-Сұлтанда үш адам лифтіде ұйықтап қалған адамды тонап кетті
Нұр-Сұлтанда үш адам лифтіде ұйықтап қалған адамды тонап кетті
114
оқылды
Нұр-Сұлтанда үш ер адам тұрғын үй кешенінің лифтінде ұйықтап қалған тұрғынды тонап кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Тұрғын мас күйде лифтіде ұйықтап қалғаны кесірінен 80 мың теңгесі мен Huawei маркалы телефонынан айырылды. Ол ұйықтап жатқанда үш ер адам кіріп келген. Оны көріп, тінтіп, бағалы заттарын алып кеткен. Оянған ер адам оларды тоқтатуға тырысқан, алайда тонаушылар итеріп құлатып, жүк лифтін төменге түсіріп жіберген", – деді полициядағылар.
Қылмыс видеоға түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері тонаушыларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізді. Бір тәулік ішінде күдіктілер ұсталған.
"Олардың бірі осы тұрғын үйде тұратыны анықталды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Ұрланған қаражатты олар жұмсап үлгерген, полицейлер телефонды іздеп жатыр. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді департамент өкілдері.