Нұр-Сұлтанда үш ер адам тұрғын үй кешенінің лифтінде ұйықтап қалған тұрғынды тонап кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Тұрғын мас күйде лифтіде ұйықтап қалғаны кесірінен 80 мың теңгесі мен Huawei маркалы телефонынан айырылды. Ол ұйықтап жатқанда үш ер адам кіріп келген. Оны көріп, тінтіп, бағалы заттарын алып кеткен. Оянған ер адам оларды тоқтатуға тырысқан, алайда тонаушылар итеріп құлатып, жүк лифтін төменге түсіріп жіберген", – деді полициядағылар.Қылмыс видеоға түсіп қалған.