"Қайрат" Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
"Қайрат" Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
©А.Мұрзанов
125
оқылды
Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуінің қарымта ойынын өткізді. Қазақстандық клубқа израильдік «Маккаби Хайфа» қарсылас атанды. Кездесу Алматының Орталық стадионында өтті. "Маккаби" клубы ойынды белсенді бастап, Стас Покатилов тұрған қақпаға бірнеше соққы жасады. Бірақ, ойынның 10-шы минутында бразилиялық шабуылшы «Қайратты» алға шығарса, Айбол Әбікен есепті еселеді. Қайрат (Алматы, Қазақстан) - Маккаби (Хайфа, Израиль) 2: 0 (1: 0) Голдар: Вагнер Лав 10 (1: 0), Әбікен 66 (2: 0) Қызыл қағаз: Кейлер 90+2, Мохамед 90+2. 
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» сербиялық «Црвена Звездаға» қарсы ойнайды.