Бүгін Шиелі аудан әкімінің мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Ғ.Әміреев, Б.Смағұловтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен және кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуде биылғы Сырдария өзеніндегі су тапшылығымен қатар, еліміздің бірқатар аймақтарында қуаңшылықтың орын алып отырғаны айтылды. Қазіргі таңда, биылғы жылы ауданымызда 30 189 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Ағымдағы жылы көкөніс бақша дақылдарының 95 гектары суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен егілуде. Сондай-ақ қазіргі таңда егіс көлеміне беріліп отырған су көлемі 60 кубты құрап отырғаны айтылды.Одан кейін, Мәжіліс депутаттары Ақтоған ауылдық округінде күрделі жөндеуді және қосымша құрылыс жұмысын қажет ететін №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепке 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, мектептің шатыры мен терезесі және жылу жүйесі ауыстырылып, электр жүйесі толық жаңартылған.
Одан әрі Мәжіліс депутаттары Ақмая ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, ауыл тұрғындарын мазалаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының үстінен айналмалы өткел ашу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Жобаны қаржыландыру үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Алдағы уақытта ауылдан сыйымдылығы жоғары білім ордасы бой көтеріп, оқушылар жаңа мектепте білім алатыны айтылды. Одан әрі қарай, ҚР Мәжіліс депутаттары «Гежуба Шиелі цемент» зауытының жұмысымен танысты.Одан кейін ҚР Мәжіліс депутаттары Байсын елді мекенінде 1965 жылы салынған №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің ахуалымен танысты. Ауыл тұрғындары апаттық жағдайда деп танылған мектепке жаңа ғимарат қажет екенін айтты. Қазіргі таңда 250 орындық мектептің құрылыс жұмысына жоба сметалық құжат әзірленіп, оң қорытындысы алынған.