Такси жүргізушілерінен ақша алған
Такси жүргізушілерінен  ақша алған

Атырауда деструктив діни ағым өкілде­рінің ұйымдасқан қылмыстық тобы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ха­бар­лады.

Топ мүшелері ұзақ уақыт бойы Атырау – Орал–Атырау бағытын­да жүретін такси жүргізушілерін күш қолданамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Ұйымдасқан қылмыс­тық топтың белсенді төрт мүшесі ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерінен 3 түр­лі қару мен оқ-дәрі, сондай-ақ олар­дың қылмыстық әрекетін растайтын құжат материалдары (чектер, журнал­дар, банк карточ­калары) тәркіленді.

«Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бо­йынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қа­малды, қалғанда­ры ешқайда кетпеу туралы мін­дет­теме алды. Тергеу шара­лары жалға­сып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.